Төлем және тапсырыс
Тапсырыс қалай рәсімделеді және қалай төленеді.
Тапсырыс беру
Сайтта киімді, футболка түрін (қысқа / стандартты oversize), түсі мен өлшемін таңдап, тапсырысты рәсімдеңіз. Менеджер сізбен хабарласып, тапсырысты нақтылайды.
- Дроп пен модель
- Футболка түрі: қысқа oversize / стандартты oversize
- Түсі мен өлшемі
- Аты-жөні мен телефон нөмірі
- Қала / ауыл, облыс
- Толық мекенжай (көше, үй, пәтер)
- Сізге жақын Қазпошта индексі (басқа қалаға жіберсек)
Төлем жасау тәртібі
- Тапсырысты толық келісіп, барлық мәліметтерді нақтылағаннан кейін сізге төлем шотын жібереміз.
- Жіберілген шот арқылы 100% төлем жасайсыз.
- Тапсырыс сомасы 30 000 ₸-ден асса — жеткізу тегін.
- Алматы қаласы бойынша жеткізуді Yandex арқылы ұйымдастырамыз. Жеткізу ақысын курьерге қолма-қол төлейсіз (30 000 ₸-ден асса — тегін).
- Басқа қалаға / ауылға жеткізу үшін 2 000 ₸ төлем шотына қосылады (30 000 ₸-ден асса — тегін).
Картамен онлайн
Қаласаңыз, тапсырысты рәсімдеу кезінде бірден картамен төлей аласыз (Visa, Mastercard — Halyk ePay).
Одан кейін
Төлем расталғаннан кейін тапсырысыңызды дайындап, жеткізуге жібереміз 🔥